Астанада үсік шалған 14 адам медициналық көмекке жүгінді

2021

2017 жылы туған бір бала №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.

Астанада үсік шалған 14 адам медициналық көмекке жүгінді

Үсік шалу салдарынан медициналық ұйымдарға 14 адам жүгінді. Олардың төтеуі – бала, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"6 ақпандағы жағдайға сәйкес Астанадағы төмен ауа температура салдарынан медициналық көмек алу үшін денесін үсік шалған 14 адам медициналық ұйымдарға жүгінді",– дейді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Көмекке жүгінгендердің 10-ы – ересек, ал 4-і – бала. 2017 жылы туған бір бала №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Баланың жағдайы ауырлығы орташа деп бағаланып отыр.

Үсік шалудың жеңіл деңгейіне байланысты қалған азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаторлық ем қабылдайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу