Ол әлемдік стандарттарға толық сәйкестендіріп салынған. Нысанның жалпы көлемі 3700 шаршы метрді құрайды. Орталықтың 2300 шаршы метрлік негізгі алаңында күнделікті жаттығу сабақтарына арналған 20 теннис үстелі бар, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Трибунада 416 көрерменге орын бар. Мұнымен қоса, орталықтың инфрақұлымында жаттығу залы, медицицина кабинеті, тренер, судья кабинеттері, конференц-зал, кафе, спорт жабдықтарының дүкені бар. Орталықтың жабдықталуы оған халықаралық үстел теннисі федерациясының республикалық, халықаралық турнирлерін өткізуге мүмкіндік береді.
Құрылысқа жұмсалған 2 млрд. 900 млн. теңге инвестицияны республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин бөлген.