Астанада үстіне қақпа құлап кеткен бала жансақтау бөлімінде жатыр

1597

9 жастағы жеткіншек балалар хоккей командасының мүшесі.

Астанада үстіне қақпа құлап кеткен бала жансақтау бөлімінде жатыр

Астанада үстіне қақпа құлап кеткен бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз хатшысы Элвира Жүргенбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"10 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің № 2 қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем бригадасымен ес түссіз, өте ауыр жағдайда 2009 жылы туған бала жеткізілді. Балаға шұғыл түрде ота жасалды", – деді Элвира Жүргенбаева.

Оның айтуынша, бала жансақтау бөлімінде жатыр, халі өзгеріссіз – өте ауыр.  

"Оған емдеу шаралары толық көлемде жүргізілуде", – дейді ол.

Айта кетейік, 9 жастағы ұл балалардың хоккей командасының мүшесі. Жаттығудан үзіліс кезінде балалардың бір бөлігі футбол ойнай бастаған. Сол кезде жас хоккейшінің үстіне қақпа құлап кеткен.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу