Астанада ұзақ уақыт пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

158

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Астанада ұзақ уақыт пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: gov.kz

Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің хаты негізінде, Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШС-не қатысты Алматы ауданы, А403 мекенжайындағы, жалпы ауданы 0,3578 га жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбау фактісі бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жерді пайдаланбау фактісі анықталып, Департаментпен ЖШС-не 1 жыл мерзімге ҚР жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Алайда нұсқама орындалмағандықтан ҚР Жер кодексінің 92,94,147,148-баптарының негізінде Департаментпен жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз беріліп, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен Департаменттің талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу