Астанада үздік инновациялық жобалар анықталды

755

1-орын мен 500 мың теңгелік сертификатты тұлғаны тануға арналған кросс платформасы бар FaceR командасы иеленді.

Астанада үздік инновациялық жобалар анықталды

Astana Innovations Challenge аясында үздік инновациялық жобаны анықтауға арналған байқау аяқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо "Астана Innovaitions" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интеллектуалдық марафонды қорытындылаған "Астана Innovations" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев Астананың инновациялар қаласы екендігін, бұл стартаптың оның дамуына қосылған тағы бір үлес екенін ерекше атап өтті.

"Мемлекет пен бизнес тек экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуде де толыққанды әріптеске айналуы тиіс. Кедергілерді жою, барлық кәсіпкерлік құрылымдармен жұмысты жандандыру, жас стартаптарды қолдау – бұл біздің негізгі міндеттеріміздің бірі", - деді Олжас Сартаев.

Байқауға лайықты жұмыстар ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен 1-орын мен 500 мың теңгелік сертификатты тұлғаны тануға арналған кросс платформасы бар FaceR командасы иеленді.

2-орын мен 300 мың теңгелік сертификатты Qaz Aqua командасы алды. Олар акваторий келушілеріне арналған қызметтері бар GPS білезік ұсынды.

3-орын мен 200 мың теңгелік сертификат Stop Вор командасына бұйырды. Қатысушылар бейнекамера арқылы қылмыскерлердің жеке тұлғасын танитын жүйе жасап шығарды.

2017 жылдың басынан бері "Астана Innovations" АҚ тарапынан 7 стартап-байқау (4 стартап уикенд және 3 хакатон) өткізілді. Іс-шара республиканың түрлі аймақтарынан 2500-ден астам адамның басын қосты. Стартап марафон барысында қазылар алқасының мүшелері 70 финалисті анықтады. Финалға 21 команда шықты. Жобаларды бағалауға әлемнің 10 елінен 100-ден астам халықаралық ұйым басшылары мен сарапшылары шақырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу