Астанада вейп пен насыбай әуесқойлары жауапкершілікке тартылуда

360

Рейд басталғаннан бері 50 бұзушылық анықталып, 30 келіге жуық насвай тәркіленді. 

Астанада вейп пен насыбай әуесқойлары жауапкершілікке тартылуда Фото: gov.kz

Елорданың барлық ауданында 18 наурыздан бастап вейп пен насвайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралардың 2 аптасында 700-ден астам сауда нүктелері тексерілді, шекпейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насвай өндірісі бойынша жерасты цехтарын сатудың 150-ге жуық фактісі анықталды, деп хабарлайды   inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Полицейлер аудан әкімдіктерінің қызметкерлерімен бірлесіп, сауда нүктелерін тексереді және таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Алматы ауданындағы рейд барысында полицейлер 51 фактіні анықтады, оның ішінде шекпейтін темекі өнімдерін сатудың 40 фактісі (насвай) тіркелді. Барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданыла отырып, әкімшілік хаттамалар жасалды.

Мекемелерде темекі өнімдерін (кальян) тұтынудың 11 фактісі, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ Сарыарқа ауданында сауда орындарында жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде. Рейд басталғаннан бері 50 бұзушылық анықталып, 30 келіге жуық насвай тәркіленді.

Есіл ауданында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында шекпейтін темекі өнімдерін сатудың 11 фактісі анықталды, оның ішінде насвай саудасы үшін 7 факт және кәмелетке толмаған тұлғаларға вейптерді сатудың 4 фактісі тіркелді. 

Полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК 196-бабы мен 423-бабы 1-бөлігінің 1-бөлігіне сәйкес, 25 АЕК (92300 теңге) сомасына айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, Астанада 4 тонна насвай тәркіленді, оның құны 20 млн теңгеден асады. 

Тәркіленген барлық өнім жойылды. Елорданың сауда нүктелері бойынша рейдтер күн сайын жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу