Астанада вейп пен насыбай саудасының жолын кесу үшін рейд басталды

458

Елорданың барлық ауданында вейп пен насыбай сатудың жолын кесу үшін рейд басталды.  

Астанада вейп пен насыбай саудасының жолын кесу үшін рейд басталды Фото: gov.kz

Бір күнде 50 келіден астам насыбай тәркіленді, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Полиция мен әкімдік өкілдерінен құралған топ ай соңына дейін күшейтілген тексеріс жүргізбек. Шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз саудалағандарға қандай жаза қарастырылған? Электронды темекілерді жарнамалағандарды не болмақ? Толығырақ тілші тарқатсын.

Вейптердің таралуына тосқауыл қою үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Мемлекет басшысы Құрылтайда ұлт денсаулығын сақтау үшін электронды темекі өнімдерін өндіру мен сатуға тыйым салу керектігіне тағы тоқталды. Бүгін полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шыққан астаналық белсенділер: "Осындай қатаң шаралар керек", - деп отыр.

АСЛАН ӨМІРБЕКОВ, БЕЛСЕНДІ:

Вейп, насыбайға қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жұмыстарды өзім қолдаймын. Өйткені, өзіміз бала өсіріп жатқан адамбыз. Інілеріміз, қарындастарымыз бар жастарды бұзу жолына түсіріп жатыр да бұлар.

Байқоңыр ауданындағы рейд Астаналық базардан басталды. Полиция қызметкерлері жабық дүкендерден ешқандай заң бұзушылық анықтамады. Өйткені, базар әкімшілігі ішкі тексерістерді қатаңдатыпты.

НАТАЛЬЯ БЕРИХАНОВА, "АСТАНАЛЫҚ БАЗАР" ӘКІМШІСІ:

Бап жарияланғанда біз онымен танысып шықтық. Жалға алушыларға тыйым салдық. Олар қазір сатпайды. Бізде шаралар қатаң. Орнын жауып тастауға дейін барамыз. "Болмайды" дедік пе болмайды.

Алайда азық-түлік дүкендерінде электронды темекінің түр-түрін саудалап жүргендер бар. Соның бірі - Нұра ауданындағы Қараөткел ауылында анықталды.

- Предупреждение жоқ. Әкімшілік штаф

- Болды сатпаймыз енді құрсын. Тыныш отырайық.

Қаланың қақ ортасындағы вейп шоптар да ешқандай лицензия көрсете алмады.

- Есть статья 196 КоАп РК. У вас должно быть лицензия. Сейчас запрещяется. В законодательство изменения внесли.

Шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату мен таратуды тиюға бағытталған рейдтерге қоғам белсенділер ғана емес, студенттер де тартылған. Себебі, қазір вейптердің негізгі қолданушылары жастар болып тұр.

АРУЖАН БАХИТОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНІ:

Заң қабылданғаннан кейін қатаң түрде қолға алған университеттер де бар бізде. Университеттегі қолданатын студенттерден жаңағы вейптерді жинау, оған қарсы акциялар ұйымдастыру. Сондай жұмыстар жүргіземіз.

Қазіргі қоғам дерттерінің арасында вейптен бөлек насыбай да бар. Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттен арыла алмай жүргендерді азайту үшін оны өндіріп сататындарға жаза қатаңдатылмақ. 

- Алмай-ақ қойыңдаршы енді өтініш.

- Болмайды, апа.

- Бір кезге ескертіңдер!

Алайда 72 жастағы апа насыбайды сатып қана қоймай өсірумен де айналысады екен. Оның бір дүңгіршегінің өзінен 50 келідей заңсыз өнім тәркіленді.

- Ауылда біз патент төлейміз Үкіметке. Огородта егеді інілерім 20 соттық, 30 соттық деген жерлерге істеп нетеді ғой.

- 196 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырамыз.

Қазір шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 92 мың 500 теңге айыппұл қарастырылған. Енді бұл бап әкімшіліктен қылмыстық жауапкершілкке ауыстырылмақ. Парламент қарауындағы жаңа заң жобасында насыбай мен вейпті сататындарға ғана емес жарнамалайтындарға да жаза қатаңдатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу