Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған велошеру өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Биыл іс-шараға 150 адам қатысты. Жарысқа қатысушылар Қабанбай батыр даңғылымен жүріп өтіп, Қорғалжын тас жолы мен Тұран даңғылы бойынша 10 км 500 м қашықтықты бағындырып, соңында "Астана Арена" стадионына келіп тоқтады.
Велошеруді ұйымдастырушылар Велосипед спортының қазақстандық федерациясы, Астана қаласының әкімдігі және Астана қаласы әкімдігінің спорттық-көпшілік іс-шараларды өткізу жөніндегі дирекциясы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу