Елордада 33 жастағы тұрғын Момышұлы даңғылының бойындағы көпқабатты үйдің ауласында Тринкс велосипедін ұрлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ер адам кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленіп, оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді: Велосипед жақтауларын белгілеңіз, велосипедтерді подъездерде, дүкендердің жанында және қалалық саябақтарда қараусыз қалдырмаңыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу