Елордада велосипедтердің құлпын бұзып, ұрлап кеткен елордалық тұрғын анықталды, – деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы қала тұрғынын велосипед ұрлауға қатысы бар екендігін анықтады.
Кіреберістегі орнатылған бейнебақылау камералары пальто киген белгісіз ер адамның велосипед сымын кесіп, оның бөтен велосипедпен кетіп бара жатқанын түсіріп алған. Аталған ұрлық таңертеңгі уақытта Петров көшесінде орналасқан үйде болған.
Ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ол оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.