"31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні, сағат 00:00-де "Astana Bike" автоматтандырылған станциялардың барлығы бұғатталды. Абонементтер бүгіннен бастап велосипедтерді жалдау қызметін пайдалана алмайды. Алайда, велокөлікті жалға алып қойғандар оларды уақыты өткен кезде станцияға қайтара алады.
Ал келесі маусымға абоненттік төлем сақталмайды. Тек баланс ауыстырылады. Қалаған жағдайда баланстағы ақшаны Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан қайтарып алуға болады", – деп хабарлады компания.
Елордада велосипедтерді жалға беру маусымы 15 сәуірде басталған болатын. Қала бойынша барлығы 155 автоматтандырылған станция жұмыс істеді. Жалпы 1 мың велосипед жалға берілді.