Астанада жастар мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Мэдисон жарысы бойынша Қазақстан ашық чемпионаты басталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Аталған бәсекеде скретч жарысынан да ҚР кубогы сарапқа салынады. Айтулы бәсекеде 60-қа жуық спортшы қатысуда. Олардың 17-і – елорда велошабандоздары", - делінген хабарламада.
Чемпионат 16 ақпанға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу