Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді

981

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталып, Азия чемпионатына аттанатын спортшылар белгілі болмақ. 

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Қарашаның 14-і мен 19-ы аралығында Астанадағы "Сарыарқа" кешенінде велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ел біріншілігінде спортшылар 11 бағдарлама бойынша сынға түседі. 

Қарқынды жарыс: Топтық бәсеке, із қуу жарысы, командалық із қуу, ұпай санайтын топтық жарыс, скретч және мэдисон. 

Қысқа қашықтықтағы сайыс: Командалық спринт, кейрин, 200 метрге жарысу, спринт және гит (500 және 1000 метр).

Джакартада өткен 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Артем Захаров ұлттық біріншіліктің басты фавориттерінің бірі. Ол "Astana Pro Team" командасы сапында өнер көрсетеді. 

Одан бөлек, әлем кубогі кезеңінің екі дүркін чемпионы Никита Панасенко, Азия чемпионы Әлішер Жұмақан, Асылхан Тұрар, Сергей Шатовкин, Роман Василенков, әлем чемпионатының қола жүлдегері Роберт Гайнеев және Азия чемпионатының екі мәрте жеңімпазы Павел Воржев те бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу