Астанада ветеринариялық талапқа сай келмейтін жүзден аса ет сату нүктесі бар

228

Бірнеше заңбұзушылықтар анықталған. 

Астанада ветеринариялық талапқа сай келмейтін жүзден аса ет сату нүктесі бар Фото: freepik

Елордалық прокуратура ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді. Нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, еш бақылаусыз ет өткізетін субъектілердің жұмыс істейтіні анықталған. Етті талапқа сай тасымалдамау, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындамау, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардың өзінде заң бұзушылықтар бары белгілі болды. 

"Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъектілер жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың сақталмайтыны анықталған. Тіпті кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырып отырған.  

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу