Астанада VI "Самғау" халықаралық театр фестивалі өтеді

1692

Астанада VI "Самғау" халықаралық театр фестивалі өтеді

Астананың төрінде 10-16-маусым аралығында VI "Самғау" халықаралық театр фестивалі өтеді. Елорданың 20 жылдығына орайластырылған фестиваль аясында қала театрларының сахнасында көрермендер назарына Қазақстанның өңірлері мен таяу шетел театр ұжымдарының үздік қойылымдары ұсынылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Фестиваль Астана қаласының мәдениет және спорт басқарқырмасының ұйымдастыруымен алты жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – театр өнері саласында ынтымақтастықты нығайту.

Биыл фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, сонымен қатар Петропавл, Өскемен, Шымкент және Астана театрлары қатысады.

Альментьев татар мемлекеттік драма театры Х.Мюллердің "Медеясын", Бішкектің Т.Абдомомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры мен М.Рыскулов атындағы Нарын облыстық академиялық музыкалық драма театры фестивальде К. Иманалиевтің "Коркут Ата" атты шығармасын және "Маң" драмасын көрсетеді. Өзбекстандық Самарқанд музыкалық драма театрыкөпшілік назарына Т.Жужануглидің "Лавина" қойылымын ұсынады. Елордалық "Жастар" театры фестивальге Н.Гогольдің "Ревизор" трагифарсын дайындады. Горький атындағы театр А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин", ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры Дж.Патриктің "Қымбатты Памела" туындыларын сахналайды.

Театр фестиваліне қатысушылар арасында Шығыс Қазақстан облыстық драма театры да (Өскемен) бар. Аталмыш мекеменің ұжымы "Аршын мал алан" мюзиклін көрсетеді. Сонымен қатар, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры (Шымкент) М. Әуезовтың "Қарагөз" трагедиясын, Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры (Шымкент) Д. Вассерманның "Полет над гнездом кукушки" және С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театры (Петропавл) өз қойылымын ұсынады.

"Самғау" фестивалі аясында қатысушылар өз репертуарларындағы үздік қойылымдарды көрсетіп, тәжірибе алмасады. Театр өкілдері вокал, сахнада сөз сөйлеу,қозғалу және актерлік шеберлік бойынша шеберлік дәрістерін өткізеді.

Қатысушылардың өнерінеөз бағаларын театр өнерінің көрнекті қайраткерлері береді.

Қойылымдар орыс драма театрының, қазақ драма театрының, сондай-ақ "Жастар" театрының сахнасында қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу