Бүгін Астана қаласында VI Қазақстан машина жасаушылары форумы басталды. "Қазақстан машина жасаушылары одағы" ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев форум жұмысына АҚШ, Германия, Италия, Ресей, Түркия, ҚХР және т.б. секілді әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысатынын айтты, деп хабарлайды
Форум аясында шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру, технологиялар трансферті туралы меморандумдарға қол қойылады. Сонымен қатар, қатысушылар отандық машина жасауды одан әрі дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасайды.
Форумда Қазақстанның машина жасау саласын дамытудың 2019–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы таныстырылады, ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық жоспары болады.