Астанада вокзалы маңындағы заңсыз граффитилер өшірілді

265

Жұмысқа қоғам белсенділері мен волонтерлер де қатысты.  

Астанада вокзалы маңындағы заңсыз граффитилер өшірілді Фото: Бейнежазбадан

Астананың Сарайшық ауданында "Нұрлы жол" теміржол вокзалы маңындағы қоғамдық кеңістіктер рұқсатсыз салынған граффитиден тазартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға аудан әкімдігі мен полиция басқармасының өкілдері, қоғам белсенділері және волонтерлер қатысты.

"Жалпы, біз, аудан әкімдігі аппараты "Таза Қазақстан" және "Заң мен тәртіп" аясында Полиция басқармасы, қоғам белсенділері, жастармен бірлесіп апта сайын осындай іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Қабырғаға жазылған жазбалар, мүлікті бүлдіру, нашақорлыққа қатысты белгілер кездескен жағдайда олар туралы полицияға хабарлап, жою, қалпына келтіру жұмыстарына кірісеміз. Сарайшық жаңадан құрылған аудан болғандықтан, мұндай жайттар жиі кездеспейді. Дегенмен бүгін "Нұрлы жол" теміржол вокзалы маңындағы, "Тұрсын Астана 1" аумағында анықталған граффитилерді тазартып, қабырғалар мен бағандарды қалпына келтіруге атсалысып отырмыз", – дейді Сарайшық ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Айтпайұлы.

Бұл жолы "Тұрсын Астана 1" аумағындағы граффитилер өшіріліп, қабырғалар мен бағандар қалпына келтірілді.

"Қоғамдық орындарды рұқсатсыз шимайлаушылар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 4-бөлігімен 50 АЕК көлемінде айыппұл немесе әкімшілік қамақ қарастырылған. Оның наркограффити деген түрі де бар. Бұл жағдайда тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Вандализмге де әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қоғамда аялдамаларды бұзу, орындықтарды сындыру сияқты құқық бұзушылықтар жиі кездеседі", - дейді Сарайшық ауданы Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Дипломбек Балташев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу