Жұмысшы мамандықтың мәртебесі жоғары. Бұл тұжырымды бүгін World Skills Kazakhstan-2017 ұлттық біріншілігіне қатысушылар дәлелдейді. Елімізде үшінші мәрте өткізіліп жатқан байқау 3 күнге жалғасады.
Әр өңірден іріктелген 400-ге жуық үміткер 30 жұмысшы мамандықтан бақ сынайды. Өз саласының жеңімпаздары қазан айында Абу-Даби қаласында өтетін әлемдік біріншілікке жолдама алады. Елімізде 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі ұлттық чемпионат бүгінде әлемнің 70 елінде өткізіліп келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу