Астанада "Яндекс.Такси" арқылы жұртты алдаған алаяқ қолға түсті

570

Астана полицейлері 25 алаяқтық ісіне қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Астанада "Яндекс.Такси" арқылы жұртты алдаған алаяқ қолға түсті Фото: РИАМО/Александр Манзюк

Елорданың екі тұрғыны "ЯндексТакси" қызметі арқылы балансты толықтыру сылтауымен алаяқтық жолмен белгісіз адам олардың ақшалай қаражатын иемденгені туралы арызбен полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласында 33 жастағы ер адамды ұстады. Бұрын ол бірнеше рет сотты болған. Ол ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты жасалған 25 эпизод бойынша күдікке ілініп отыр.

"Күдікті Өскемен қаласының аумағында болып, "Яндекс такси" немесе "Яндекс жеткізу" қосымшаларының көмегімен елорда аумағынан қылмысының құрбандарын тапқан. Қаскүнем олармен байланысып, азық-түлік жеткізіп беруге тапсырыс берген, сонымен қатар абоненттік нөмірлердің балансын толтыруды сұраған және тапсырысты орындау бойынша барлық шығындарды жабуға уәде берген. Қолма-қол ақша жалған абоненттік нөмірлердің балансына түскеннен кейін ер адам байланысқа шығуды тоқтатқан, ал ақшаны басқа абоненттік нөмірлердің балансына аударған. Алаяқтың қылмыс жасаған ұялы телефондары тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу