Астанада "Ынталы ата-аналар" фотокөрмесі өтеді

669

Швед-қазақстандық бірлескен фотокөрме Қарашаның 11 мен 23 аралығында  "Керуен" ойын-сауық орталығында өтеді.  

Астанада  "Ынталы ата-аналар" фотокөрмесі  өтеді Фото: KC online

Көрмеге қазақстандық фотограф Роман Анашкиннің және швециялық Элин Бергенің суреттері қойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ұйымдастырушылардың ақпаратына сілтеме жасап. 

Қазақстандағы Швеция Елшілігі мен БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру саласындағы қоры (ЮНФПА) ұйымдастырған көрменің мақсаты – саналы ата-ана болудың маңызы мен отбасылық жауапкершілікті тең бөлісу керек екенін  баяндау. Фотокөрме 40 суреттен тұрады.  Онда шведтік және қазақстандық отбасылардың балалы болған кездегі ең бақытты да  қызықты және  қиын сәттері шынайы бейнеленген.

Швеция 1974 жылы әке-шешелерге бала күтіміне байланысты демалысты заңдастырған тұңғыш ел болғандықтан – тең ата-ана құқығының жаһандық тренді болып табылады. Әкелерге бала күтіміне байланысты декреттік демалыс беру Қазақстан заңнамасында да бекітілгендіктен,  ер-азаматтар да әйелдер сияқты мемлекеттен жыл бойы қаржылай көмек ала алады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда 3,5 мың ер адам бала күтіміне байланысты ресми түрде демалысқа шыққан.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу