Астана қаласының тұрғындарына 8 сәуірде ыстық су жасыл түске боялуы мүмкін екені ескертілді, деп хабарлады inbusiness.kz.
"Астана-Теплотранзит" АҚ хабарламасына сәйкес, 8 сәуірде компания құбырлардың жасырын ақаулары, су жылытқыштары мен тұтынушылардың жылу желілерінің бекіту арматурасының тығыздығы, сондай-ақ өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктерге желілік судың ұрлануы туралы желілік судың ысырабын анықтау үшін жылу желісінің суына натрий флуоресцеинінің органикалық бояуын қосуды жоспарлап отыр.
Ыстық су аққанда жасыл флуоресцентті су байқалған жағдайда, астаналықтарға дереу мына нөмерлерге хабарлау сұралады:
"Ikomek 109" қызметі; "Астана-Теплотранзит" АҚ жедел-диспетчерлік қызметі 77 12 00, 77 12 11; іске қосу қызметінің диспетчері (жұмыс күндері 8:00-12:00 13:00-17:00) телефондары бойынша 79 88 97 (Есіл ауданы), 79 21 60 (ішкі код 102) (Сарыарқа/Байқоңыр ауданы), 77 12 92 (Алматы/Байқоңыр ауданы).