Астанада заңсыз 10 тұрғын үй салғандар тергеліп жатыр

372

Фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды.

Астанада заңсыз 10 тұрғын үй салғандар тергеліп жатыр Фото: gov.kz

Қылмыстық қудалау органы 10 көппәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда. Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамдарды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған. 7 адамға, соның ішінде құрылыс компаниялардың 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы. 

Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды.

Ол 5 млрд теңгеден астам залал келтіргені үшін күдікке ілінді.

Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу