Астанада заңсыз ашылған мешіт жабылды

238

Ішкі істер министрлігі заңсыз діни қызметті анықтады. 

Астанада заңсыз ашылған мешіт жабылды Фото: freepik

Елордада заңсыз ашылғае мешіт анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елорда полицейлері Құмбел көшесіндегі жеке үйдің қасынан мешіт ашылғанын анықтады. Үй-жайларды тексеру кезінде діни әдебиеттер, намазхана және тақтада жазылған намаз уақыттары табылды. Бөлмеде адамдардың жиналып жатқаны анықталды. Сот отырысы барысында мешіт қалада тіркелген діни ғимараттар тізімінде болмаған", – делінген хабарламада.

Діни қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін 59 жастағы елорда тұрғыны кінәлі деп танылып, мешіттің заңсыз қызметі тоқтатылды. Ол 184,6 мың теңге көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу