Астана прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот шешімімен екі қылмыстық іс бойынша прокурордың заңсыз алынған кірісті өндіріп алу туралы талаптары толық қанағаттандырылған.
Нәтижесінде Instagram және TikTok әлеуметтік желілерінде құмар ойын ұйымдастырған екі адамнан 124,8 млн теңгеден астам заңсыз табыс өндірілді.
Прокуратураның мәліметінше, арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Мұндай әрекет мүлікті тәркілеуге және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.