Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды

264

Сәулет басқармасымен, "Астана Генплан" ЖШС-мен және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен (МСҚБ) бірлескен қадағалау іс-шаралары барысында елордадағы құрылыс алаңдарында елеулі заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды Фото: canva

"Нұра" ауданының прокуратурасы заңсыз құрылыс нысандарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.

Атап айтқанда, Ш. Айтматов көшесі, 24/8 учаскесінің маңында жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы анықталды. Тексеру барысында құрылыс-монтаж жұмыстары сараптаманың оң қорытындысынсыз және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Сонымен қатар, Ш. Айтматов көшесі мен Е164 көшесінің қиылысында жапсарлас үй-жайлары, медициналық орталығы және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы анықталды. Құрылыс жер учаскесіне тиісті құқықсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз, сондай-ақ сараптама қорытындысыз жүргізілген.

Прокуратура жұмыстарды тоқтату туралы хабарламалар алғанына қарамастан, заң талаптарын елемеген құрылыс салушыларға ерекше назар аударады. Қала құрылысы саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда.

Елорда прокуратурасы сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады және құрылыс салушыларды белгіленген нормалар мен талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу