Астанада заңсыз такси жүргізушілеріне айыппұл салына бастады

945

Астанада заңсыз такси жүргізушілеріне айыппұл салына бастады

Қазақстан астанасында заңсыз тасымалдаушылар қызметіне шектеу қою мақсатында жедел алдын алу шаралары өткізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

"Бүгінгі таңда осындай заңбұзушылыққа барған 18 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта ОЖШ жалғасуда", - дейді жергілікті полиция қызметінің инспекторы Астемір Бектаев

Атап айтар болсақ, ескі вокзал аумағында 3 жүргізуші, "Хан шатыр" СОСО-на тиесілі аумақта ("такси орны" деген белгіні елемегені үшін) 9 жүргізуші жазаға тартылған.

Сонымен қатар, "Нұрлы жол" темір жол вокзалы төңірегінде тағы бір астыртын такси қызметімен айналысқан адамға айппұл салынған. Тағы бес жүргізуші патрульдеу әдісі арқылы жолаушыларды және жүк тасымалдау ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болады.

Арнайы киім мен көліктің төбесіне белгі қоймағаны үшін "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайы аумағында және қала ішінде жүрген такси жүргізушілері ескерту алды.

 "Жалпы бұл бағытта жұмыс тұрақты жүргізіліп тұрады. Заңсыз такси қызметімен айналысқандарға 10-нан 15 АЕК есебінде айыппұл салынады. Күнделікті адамдар көп жиналатын орындарда жұмыстар жүргіземіз. Бұл темір жол вокзалы, халықаралық әуежай, сауда үйлерінің маңы", - деді А. Бектаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу