Астанада заңсыз жүрген 24 шетелдік азамат ұсталды

505

Бас шаһарда “Елден шығарылғандар” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.  

Астанада заңсыз жүрген 24 шетелдік азамат ұсталды Фото: yandex.kz

Іс-шараның екі күнінде елордалық гарнизон қызметкерлері бұрын Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылған, алайда сот шешімін орындамай, ел аумағында заңсыз жүрген 24 шетелдік азаматты анықтады. 

Іс-шараны өткізу барысында Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматы анықталды, ол сот шешімімен 2021 жылы елден шығарылған. Елден мәжбүрлеп шығару үшін шетелдікке қатысты 30 тәулік мерзімге қамауға алуға шешім шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта барлығы 14 шетелдікке қатысты елден мәжбүрлеп шығару үшін 30 тәулік мерзімге санкцияланған қамауға алу туралы шешім қабылданды. 10 шетелдік азаматты елордалық әуежайға дейін алып барып, мәжбүрлі тәртіпте Қазақстаннан шығарылды.

Полицейлер елден шығару туралы шешімді орындамау қылмыс болып саналатынын және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтті. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктердің елордада болуын, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын, уақытылы елден шығуын тұрақты негізде бақылайды. Қала аумағында заңсыз көшіп-қонушылар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмеген құқық бұзушыларды анықтауға жүйелі түрде рейдтер жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу