Астанада зейнеткер 20 млн теңгесінен айырылып қала жаздады

375

Алаяқтар қарт кісімен байланысып, өздерін емхана қызметкерлері ретінде таныстырған.   

Астанада зейнеткер 20 млн теңгесінен айырылып қала жаздады Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Астана полиция департаментінің мәліметінше, сақшылар "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп, 76 жастағы елорда тұрғынының шамамен 20 миллион теңгесінен айырылып қалуына себеп болуы мүмкін алаяқтық әрекеттің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алаяқтар емханаға қабылдауға жазылу сылтауымен оны SMS-хабарлама арқылы келген растау кодын айтуға көндіреді. Кейін психологиялық қысым аоқылы жәбірленушіні байланыста ұстап, үйден шығуға және нұсқауларды күту үшін саябаққа баруға көндірген.

"Алаяқтық туралы ақпарат түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, зейнеткердің орналасқан жерін анықтап, заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Уақытылы араласудың арқасында ақшаны ұрлауға жол берілмеді. Зейнеткердің барлық жинақтары, соның ішінде банк шоттары мен депозиттеріндегі қаражаттары сақталды", – делінген хабарламада.

Полицейлер әйелмен профилактикалық әңгіме өткізді. Қашықтан жасалатын алаяқтықтың кең таралған тәсілі және күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда қандай әрекет ету керектігін түсіндірілді.

Полиция мемлекеттік органдардың қызметкерлері де, банк өкілдері де, медициналық мекеме қызметкерлері де телефон арқылы SMS-кодтарды, банк карталарының деректемелерін, құпиясөздерді немесе өзге де құпия ақпаратты сұрамайтынын ескертеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу