Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны су сүзгісін ауыстырамыз деген желеумен алдап, ақшаны иемденіп алған. Содан күдікті 67 жастағы елорда тұрғынының 3 миллионға жуық ақшасын жымқырып кеткен. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
"Жедел-тергеу тобы зейнеткерді алдаған алаяқты ұстау үшін қажетті шараларды қабылдап, іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 24 жастағы ер адамды анықтаған. Анықталғандай, жас жігіт дәл осылай Астананың тағы бірнеше тұрғынын алдап үлгерген. Қазіргі таңда, ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.