Астанада зейнеткер пәтерінде қамалып, шыға алмай қалған

885

Қарт өзін нашар сезініп жатқаны туралы қалалық емханаға хабарлаған.

Астанада зейнеткер пәтерінде қамалып, шыға алмай қалған Фото: Polisia.kz

Елордалық полицейлер пәтерінде қамалып қалған зейнеткерге көмектесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Күндізгі уақытта “102” пультіне қарт адамның Жангелдин көшесіндегі пәтерінен шыға алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Қарт өзін нашар сезініп жатқаны туралы қалалық емханаға хабарлаған.

Түскен қоңырау бойынша оқиға орнына дереу екі автопатрульдік қызметкерлері Идирисов Дулат және Қалдыбеков Мұхамедқали және учаскелік инспектор Сайдулла Оразалы жіберілген.

Пәтердің есігі іштен жабық болғандықтан, тәртіп сақшылары 2-ші қабаттағы пәтерге 1-ші қабаттағы терезе арқылы көтеріліп, терезе арқылы кіруді шешкен.

"Патрульдердің бірі өзімен бірге жүрген арнайы арқанды балконға байлап, терезе арқылы көтеріле бастағанда серіктесі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, иықпен демеп тұрған. Бірлесіп жеделдеткен шешімнің нәтижесінде полиция қызметкерлері науқас адам жатқан пәтерге кірген. Сөйтіп қарт кісіні шақырылған жедел жәрдем бригадасына аман-есен тапсырған", - делінген ПД таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Зейнеткерге бірден жедел медициналық көмек көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу