Астанада зейнеткер ұлдарынан алимент өндіріп алды

1142

Астанада зейнеткер ұлдарынан алимент өндіріп алды

Астанада ер жеткен екі ұлы материалдық жағдайы төмен әкесін асыраудан қашқақтаған.

Зейнеткер дәрігердің тіркеуінде тұр. Алатын зейнетақысы өмір сүруіне әзер жетіп жүрген, деп мәлім етті қалалық соттың баспасөз қызметі. Соттың бұған дейін шығарған шешімі бойынша зейнеткердің пайдасына үлкен ұлынан ай сайын 20 АЕК көлемінде алимент өндіріліп тұрады.

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес кәмелеттік жасқа толған, жұмысқа қабілетті перзенттері өзінің жұмыс істей алмайтын, көмекке мұқтаж ата-аналарын бағып, оларға қамқор болуға міндетті. Астана қаласының Сарыарқа ауданының соты зейнеткердің талап арызын жартылай қанағаттандырды. Сот шешіміне сәйкес, енді екі кіші ұлының әрқайсысы жұмысқа жарамсыз әкесіне ай сайын 5 АЕК көлемінде алимент төлеп тұратын болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу