Астанада жақында ғана орнатылған жылы аялдаманың есігін сындырып кетті

1047

Жас жігіт есікті аяғымен теуіп, шыныны сындырып кеткен.

Астанада жақында ғана орнатылған жылы аялдаманың есігін сындырып кетті

Елордалық полицейлер жаңа аялдаманың әйнегін сындырған адамды іздестіруде, деп хабарлайды elorda.info.

​Instagram әлеуметтік желісінде Астанада ер адамның жаңа аялдаманың шыны есігін сындырған видеосы жарияланды. Бейнежазбадан жас жігіттің түнгі сағат 2-лерде қызбен отырғанын, содан кейін тұрып, шыны есікті сындырып, кетіп бара жатқанын көруге болады.

Аялдамалық павильондарға қызмет көрсетумен айналысатын "vDS Kazakhstan" ЖШС компаниясы Байтұрсынов көшесіндегі аялдаманың бір ай бұрын ашылғанын айтады.

"Оқиға осы жылдың 2 қаңтарында болды. Жас жігіт есікті аяғымен теуіп, шыныны сындырды. Шығын сомасы әлі белгісіз. Жаңа үлгідегі аялдаманың іске қосылғанына бір ай болды", - деді "vDS Kazakhstan" ЖШС сервисіне жауапты Алексей Нижеик.

Полиция департаментінің хабарлауынша, әзірге белгісіз жігіттің жеке тұлғасы анықталмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу