Полицияға алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша елорда тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, OLX.kz интернет сайтында ол Sony PlayStation 5 ойын приставкасын жалға беру туралы хабарлама орналастырған. Оған жас жігіт байланысқа шығып, сауалнама деректерін және жеті мың теңгені қалдырып, ойын консолін жалға алған. Келесі күні жалға алушы телефонын өшіріп тастаған, содан кейін өтініш беруші полицияға жүгінген, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы ауданының полиция қызметкерлері жүргізген іздестіру іс-шараларымен алаяқ анықталды. Ол 21 жастағы жігіт болып шықты.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдеме тәркіленді.