Астанада жалған доллар жасаған топ шартты түрде сотталды

639

Қаржы мониторингі агенттігінің астанадағы департаменті 54 850 доллар көлемінде жалған қаражат сақтаған және оны өткізген тұлғалар тобына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Астанада жалған доллар жасаған топ шартты түрде сотталды

Жалған купюралар валюта айырбастау пункттері, банкоматтар,және OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға қаржы салу арқылы айналымға енгізілген.

Сот Жомарт А.А., Чекиев И. Х., Иманбаева Р. А. Деген азаматтады 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Агенттік азаматтарды сақ болуға және шетел валютасын бөтен адамдардан сатып алмауға шақырады! 

"Жалған банкноттар анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарлау қажет. Жалған банкноттарды табу қылмыс емес, алайда жалған банкнотты сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп хабарлайды агенттіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу