Астанада жалған медициналық анықтамалар сатқандар ұсталды

638

Елордада жалған анықтамалар сатқан медициналық орталықтардың екі басшысы ұсталды.  

Астанада жалған медициналық анықтамалар сатқандар ұсталды Фото: polisia.kz

Олар белгілі бір ақшалай қаражатқа клиенттерін медициналық ұйымға шақырмай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын, денсаулық паспорттарын, санитарлық кітапшаларды, №086, 075 нысанындағы анықтамаларды және өзге де медициналық құжаттарды дайындаған, – деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Клиенттер көлік құралдарын басқаруға жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтамаларға тапсырыс берген. Іс-шаралар кешені барысында Астана қаласының полицейлері алдын ала сөз байласу бойынша жалған медициналық анықтамаларды өткізу арнасын ұйымдастырған ЖШС-ның екі басшысын ұстады.

Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылы бойындағы медициналық орталықтың 33 жастағы басшысын ұстады.

Сондай-ақ Әуезов көшесінде орналасқан медициналық орталықтың тағы бір 33 жастағы басшысы ұсталды.

Тінту барысында қолма-қол ақша, елтаңбалық мөрлер, медициналық мөртабандар, медициналық анықтамалардың үзбелі түбіртек байламдары, тіркеу журналдары, медициналық кітапшалар, толтырылған және мөр қойылған еңбекке жарамсыздық парақтары тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша жалған құжаттарды дайындағаны және өткізгені үшін ҚР ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу