Астанада жалған төлем түбіртегімен саудагерлерді алдаған күдікті ұсталды

294

34 жастағы тұрғын базар сатушыларына жалған түбіртек көрсетіп, жеміс-жидек пен көкөністі тегін алып кеткен.  

Астанада жалған төлем түбіртегімен саудагерлерді алдаған күдікті ұсталды Фото: thewalrus.ca

Астанада полиция жалған төлем чегін пайдаланып, базардағы сатушыларды алдап жүрген 34 жастағы тұрғынды ұстады, деп inbusiness.kz хабарлайды сайты.

Тергеу мәліметінше, күдікті өзін қарапайым сатып алушы ретінде таныстырып, көкөніс пен жеміс-жидек таңдаған. Кейін мобильді қосымша арқылы ақша аударғандай болып, қолдан жасалған төлем чегін көрсеткен. Ақша шотқа түсті деп ойлаған сатушылар тауарды оған беріп отырған.

Полицияның мәліметінше, бұл күдіктінің алғашқы алаяқтығы емес. Ол бұған дейін де осындай тәсілмен бірнеше саудагерді алдаған болуы мүмкін. Қазір оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция кәсіпкерлер мен сатушыларға төлемнің банк шотына нақты түскеніне көз жеткізбейінше, тауарды сатып алушыға бермеуге кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу