Сирияның екі азаматы Болгария азаматтарының құжатымен Ұлыбританияға ұшпақ болған, деп хабарлайды kaztag.kz.
"Астана" шекаралық бақылау бөлімінің жасағы Астана-Лондон рейсінде тексеруге Болгария азаматтарының құжатын берген Сирияның екі азаматын ұстады.
Құжаттар ішінара боямаланған, мәліметтері бар беті алмастырылған", - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ұсталғандардың айтуынша, олар жақсы өмір сүру үшін Ұлыбританияға ұшпақ болған.
Ұстау фактісі бойынша құқық қорғау өкілдері мен өзара байланысты органдар хабардар етілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу