Астананың тазалығына 56 мыңнан астам қала тұрғыны шықты

411

Елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астананың тазалығына 56 мыңнан астам қала тұрғыны шықты Фото: Астана әкімдігі

Елордада 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін "Жасыл Астана" дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

Бүгін сағат 9:00-ден бастау алған жалпықалалық сенбілікке ірі, орта және шағын бизнес өкілдері де қатысты. 200-ден астам компанияның қызметкерлері, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар өз ұйымдары мен кеңселерінің жанындағы аумақты тазартты.

14 қазанға дейін жалғасатын сенбіліктерде елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру өткізіледі.

Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Сол сияқты 1 200-ге жуық жасыл желек отырғызды. Отырғызылған жасыл желектердің арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай, бұталар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу