Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс съезі өтті

607

Съезге елдің барлық аймағынан 46 делегат қатысты.  

Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс съезі өтті Фото: Видеодан скриншот

Астана қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының XX кезектен тыс съезі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Съезге Қазақстанның барлық аймағынан келген 46 делегат қатысты. ЖСДП-ның жоғарғы басшы органы наурыз айында өтетін сайлау науқанына қатысуға шешім қабылдады. Жиын барысында жауапты тұлғаларға сайлауалды бағдарламаны әзірлеу тапсырылды.

Партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар өкілдерінің квотасын сақтап, 19 кандидат бекітілді.

Ал мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну филиал конференцияларында шешілетін болады. Партиялық тізімді қалыптастыруға кіріспес бұрын партия мүшесі Нұрлан Әуесбаев сөз сөйледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу