Астанада жаңа "Назарбаев орталығы" құрылады

945

Астанада жаңа "Назарбаев орталығы"  құрылады

Астанада "Дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға арналған Н. Назарбаев орталығы" құрылады. Бұл туралы 19-20 қараша күндері БҰҰ Өркениеттер Альянсының Ғаламдық 8-форумына қатысқан ҚР  қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аталмыш шара алғаш рет БҰҰ Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткізілді. Екі күндік форумның басты тақырыбы "Әлемді бірлесе қолдау және дау жанжалдарды тоқтатуға" арналған.

Форумның ашылу салтанатында БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Насир Абдуләзиз әл-Насер, БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының Төрағасы Мария Эспинос, Түркияның Сыртқы Істер министрі Мевлут Чавушоглу және тағы басқа елдердің айтулы тұлғалары қатысты.

Форумға қатысқан ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын  өркениеттер түсінісуінде, дінаралық татулықты сақтауда Альянстың алар орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен бірге ұлтаралық, мәдениетаралық, дінаралық диалогты дамыту, әлемдік қауіпсіздікті сақтауға орай түрлі бағдарламалар мен жобаларды іске асыру, жастар мәселесі секілді еліміздің бастамалары БҰҰ Өркениеттер альянсының жұмысымен үндесіп отырғанына тоқталды.

Сондай-ақ Астанада "Дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға арналған Н. Назарбаев орталығы" құрылатынын жеткізді.

Айта кетейік, 2005 жылғы 16 қарашада Қазақстанстан БҰҰ  өркениеттер альянсының достар тобына қабылданған болатын. 2008 жылдан бастап еліміз екі жылда бір рет, әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін БҰҰ өркениеттер альянсының әлемдік форумдарына белсене қатысып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу