Жыл басынан бері Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы 23 аялдама павильонын салды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бүгінгі таңда мердігер ұйым осы аялдамаларды электр қуатына қосу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жыл соңына дейін мердігер осы павильондардың барлығын жылумен қамтамасыз етуге міндеттенеді", - деп түсіндірді басқарма әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әзірге аялдамаларда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы ғана ақпарат жазылған.
Қала әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу