Астанада жаңа әскери емхана ашылды

152

Емдеу мекемесі күніне 300-ден астам емделушіні қабылдай алады.  

Астанада жаңа әскери емхана ашылды Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, Тыл бастығы басқармасының басшылығы, филиалдың, Бас әскери клиникалық госпитальдің жеке құрамы және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әскери дәрігерлерді айтулы оқиғамен Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов құттықтады. Ол емхананың жаңа орналасқан жері әскери қызметшілердің отбасылары, сондай-ақ Қарулы күштер ардагерлеріне ыңғайлы орналасқанын атап өтті.

– Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталінің бөлімшесі мыңдаған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне білікті көмек көрсете отырып, әскери амбулаториялық қызмет жүйесінде жетекші орын алады. Ғимаратқа күрделі жөндеу, қайта жоспарлау жұмыстары жүргізіліп, заманауи жабдықтар сатып алынды, – деді ведомство басшысы.

Бұдан өзге ол әскери емхананың алдында жаңа мүмкіндіктер ашылатынын да атап өтті.

– Біздің тараптан жағдай жасалды, сіздердің ендігі міндеттеріңіз медициналық көмек көрсету сапасын жаңа сатыға көтеру. Сіздердің кәсіби істеріңіз, қамқорлықтарыңыз әскери қызметшілеріміздің денсаулығына ғана емес, моральдық рухына да әсер етеді. Сенімді ақтап, әскери медицинаның беделін арттыру және оның қоғамдағы имиджін көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп сенемін, – деді Қорғаныс министрі.

Іс-шара соңында рәсімге қатысушылар дәрігерлік бейінге сәйкес жабдықталған және пациенттерге алғашқы көмек көрсету үшін қажет бейінді мамандардың қазіргі талаптарға сай келетін кабинеттерді аралады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу