Астанада жаңа аудан құрылады

973

Астанада жаңа аудан құрылады

Астана қаласының ономастикалық комиссиясы елорданың төртінші ауданына "Байқоңыр" атауын беруді ұсынды, деп хабарлайды Елорда инфо.

Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаевтың айтуынша, бұған дейін ономастикалық комиссияға "Тәуелсіздік", "Қорғалжын" сынды  тарихи атаулар ұсынылған екен. 

"Төртінші ауданның атауы ретінде бірнеше нұсқа келіп түсті. Соның бәрін қарай отырып, сіздермен ақылдасайық деп алдарыңызға келіп отырмыз. Астана егеменді елдің елордасы болғандықтан оның атаулары келбетіне сай болуы керек" - деді  тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев.

Бүгінде Байқоңыр ғарыш айлағының жұмысына 60 жылдан асты.

"Ұлт мақтаныштары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов осы Байқоңыр айлағынан  ғарышқа ұшып, абыройымызды асқақтатқан болатын. Сондықтан жаңа ауданға адамзат тарихында орны бар, аты алтын әріппен жазылған Байқоңыр атауын беруді ұсынамыз" - деді ономастикалық комиссия төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу