Елорданың "Байқоңыр" ауданында Жеңіс күні қарсаңында жаңа аулалар ашылып, пайдалануға берілді, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, Ш.Уәлиханов көшесі, 23, Тараз көшесі, 2, С.Сейфуллин көшесі, 65 мекен-жайларында жаңа аулалар бой көтерді.
"Аулалардың салтанатты ашылуына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов, "Байқоңыр" ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев және елордалық мәслихат депутаттары қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Жаңадан абаттандырылған аулалардың ашылуы мерекелік көңіл-күймен аталып өтті. Барлық аулада балақайларға арналып аула мерекелері ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі атынан арнайы аниматорлармен көңілді ойындар ұйымдастырылса, балақайларға тәтті сыйлықтар да таратылды", - делінген хабарламада.