Астанада жаңа автовокзал ашылады. Ол "Нұрлы Жол" вокзалының базасында орналасады. Бұл туралы "Астана LRT" ЖШС басқарма басшысы Бекмырза Игенбердиев елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты, деп хабарлайды Today.kz.
"Жаңа темір жол вокзалы тұрғызылды, соның базасында осы жылы автовокзал жасауды жоспарлап отырмыз", – деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, осындай екі көлік орталығы ЭКСПО кезінде ашылған. Атап айтқанда, елордада "Алай Астра" және "Кеңмарт-Астра" автостанциялары жұмыс істеген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу