Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында биыл 16 ақпанда ашылған балалар травматологиялық пункті алғашқы айларда 6 740 балаға медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жүгінгендердің 59,9%-ы ұл балалар, 40,1%-ы қыз балалар. Ең жиі кездескен жарақаттар – соғылу мен байламдардың созылуы (52,8%), сүйек сынықтары (29,6%) және буын шығуы (10,7%).
Талдау нәтижесіне сәйкес, жарақаттардың 45,2%-ы көшеде болған. Бұдан кейін 29,2%-ы тұрмыстық, 11,8%-ы спорттық, 10,5%-ы мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда тіркелген. Ал 2,4%-ы сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларына, 0,7%-ы жол-көлік оқиғаларына байланысты болған.
Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды, әсіресе жазғы демалыс кезінде, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, жарақаттанудың алдын алу шараларын сақтауға шақырды.