Астанада жаңа басқарма құрылады

638

Жаңа басқарма цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы деп аталмақ.

Астанада жаңа басқарма құрылады

Жаңа басқарманың құрылуы туралы әкімдік аппараты отырысында әкім Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Әкімдікке құзыретіне қарайтын жаңадан Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы құрылады. Елбасының елімізді әлемнің ең озық 30 мемлекетінің қатарына қосу туралы нақты тапсырмасы бар екенін жақсы білесіздер. Бұл сәйкесінше жаңа инновациялық даму мен жедел теxнологиялық өзгерістерді талап етеді",  – деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, бүгінде Смарт Астана ауқымды жобасы іске асырылуда. Қазіргі кезде оның тұжырымдамасы бекітілген. Ол алдымен xалықтың жағдайын жақсартуды, қолайлы қызметтерді ұсынуды көздейтін заманауи жоба.

Цифрландыру дәуірі ең әуелі еңбек өнімділігін арттыруға, қарапайым xалыққа және кәсіпкерлерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, жылдам әрі қауіпсіз ақпарат ұсынуға, деректерді жинақтау, өңдеу, адам капиталын дамыту, яғни креативті қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

"Осыған орай, барлық орынбасарларыма мемлекеттік органдардың қызметін жан-жақты зерделеп, оны жақсарту жайлы нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бұл тек аталған салаларға ғана емес, өзге де бағыттарға қатысты. Қызметтердің қайталануын болдырмау, мемлекеттік аппараттың қызмет сапасын арттыруымыз қажет", – деді Бақыт Сұлтанов.

Сөз соңында шаһар басшысы трансформацияның екінші кезеңінде көзделген өзгерістер бүгінгі заманның талаптарына жауап беретініне және елордамызды одан әрі дамытуға оң серпін әкелетініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу