Астанада жаңа киностудия ашу жоспарлануда

736

Астанада жаңа киностудия ашу жоспарлануда

Астанада жаңа киностудия құру мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі   Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды КазТаг.
"Astana Film" киностудиясын жасау жағы қарастырылуда. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл  киноөндіріс саласында халықаралық көшбасшылардың шоғырланатын алаңына айналады", - деді Мұхамедиұлы сейсенбіде "Киноиндустрия туралы" заң жобасын мәжілісте талқылау барысында.  
Оның айтуынша, қазір "Қазақфильм" аумағында жерді пайдалану, салық және кеден төлемдерінің ерекше талабы бойынша арнайы экономикалық аумақ құру мәселесі көтерілуде.  
"Киноға жеке капиталды тарту есебінен, сондай-ақ шетелдік компаниялардың келуі, құрылыс, қызмет көрсету, ішкі әрі сыртқы туризм, қосымша жұмыс орындары, жаңа технологияларды тарту секілді маңызды салаларды дамытуға  мүмкіндік беріледі. "Қазақфильм" аумағында АЭА не үшін керек? Жылына  Universal Studio-ға 1 млрд астам турист барады, соның есебінен олар    $100 млн астам кіріс алады", - деді министр.
Алайда, Арыстанбек Мұхамедиұлының ақпарынша, барлық қойылған міндеттердің табысты шешілуі үшін сыртқы құқықтық қолдау керек, соның аясында ол ұлттық киноны қолдау қорын құруды ұсынып отыр.  
"Бүгінде мемқаражаттың негізгі пайдаланушысы  "Қазақфильм", оның мемтапсырысты тарату қызметі бар. Мәселен, "Мосфильм" бұл - өз күшінің арқасында жоғары табыс тауып отырған кинокомпания. Субъективті бағалаудан сақ болу үшін киножобалар сарапшылар кеңесі мен ҚР үкіметі жанындағы ведомствоаралық компанияның іріктеуінен өтеді", - деп түсіндірді  министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу