Астанада жаңа көпір ашылды

375

Бұл көпір кептелісі бар учаскелерді айтарлықтай сейілтуге мүмкіндік береді. 

Астанада жаңа көпір ашылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Тәуелсіздік бойындағы жаңа көпір қазірдің өзінде қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.

Мысалы, Мәңгілік Ел даңғылы 20%-ға, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала көпірі тиісінше 15%-ға жеңілдеді. Сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар, Әл-Фараби көшелері және Ұлы Дала даңғылы бойынша трафик жандануда.

Бұдан басқа, жаңа көпір Алматы мен Есіл аудандары арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жолдардағы қозғалысты едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, көпір сегіз жолақты – екі бағытта төрт жолақтан. Көпірдің бүйірлерінде жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар бар. Көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу