Астанада жаңа көпір салынады

310

Құрылыс жұмыстары алдағы көктемде басталмақ.

Астанада жаңа көпір салынады Фото: primeminister.kz

Астананың Нұра ауданында жаңа автомобиль көпірі салынады, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, ол Қорғалжын тасжолы мен Кенесары көшесін жалғайды. Құрылыс жұмыстары алдағы көктемде басталмақ.

Бұдан бөлек, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы 8 жолақты жаңа көпір қолданысқа берілді. Оның жалпы ұзындығы 650 метрден асады. Құрылыс жұмыстары 2 жылға созылды. Нысанды салуға 24,6 млрд теңге жұмсалған. Бұл қаржының дені Ұлттық қордан бөлінді. Су жаңа көпір тәулігіне 40 мыңнан аса көлікті өткізуге қауқарлы.

"Бұл көпірдің қызмет етуі егер лайықты күтім болса, 100 жылдан астам уақыт болады. Кепілдік мерзімі – 3 жыл. Мәңгілік ел көшесіндегі, Сарайшық көпіріндегі, Ұлы дала көпіріндегі кептелістерді азайтып, көлік ағынын өзіне алады. Осы көпірдің арқасында сол көшелердегі көлік ағыны 15-20%-ке азаяды", – деді мердігер компания өкілі Әлинұр Әбілмажан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу